Ақтөбелік банкирлер кәсіпкерліктің даму картасымен таныстырылды

 Интернет порталда облыста бизнесті дамытудың нақты бағыттары көрсетілген.

— Бүгін Карта бизнестің бағыттаушысы болып отыр. Ең қомақты үлес — 35 пайыз мал шаруашылығына тиесілі. Бұл дегеніміз – мал шаруашылығы өңірдегі әлеуеті зор сала екенін білдіреді, — дейді кәсіпкерлер палатасының басшысы Н.Мұқанов.
Сайтта сондай-ақ, бизнес жобаларды да көруге болады. Талдау мен іріктеуден 10 жоба өтіп отыр. Оның ішінде екеуі жүзеге асырыла бастады. Қалғандары қаржыландыруды қажет етеді.
Тағы бір жаңашылдық — Бизнес тізілім. Мұнда тек Ақтөбе облысындағы ғана емес, Қазақстандағы барлық кәсіпкерлердің тізімі жарияланып отыр.
Банк қызметкерлерінің businessnavigator.kz сайты көңілдерінен шықты. Олар кейбір жобаларды қаржыландыруға қатысты қызығушылық та танытты.

Пікір қалдырыңыз