Ойыл ауданында қар құрсауынан 20 адам құтқарылды

Төтенше жағдайлар қызметінің кезекшісіне «Ойыл-Қараой» автожолында қар құрсауында 7 автокөліктің қалғаны туралы ақпарат түскен. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Ақпарат түскен бойда, Ойыл аудандық әкімдігінің қызметкерлері мен құтқарушылар тобы діттеген жерге жетті. Қар құрсауынан 20 адамды құтқаруға тура келді. Бүгінгі күні барлық бағыттарға жол ашық деп хабарлайды төтенше жағдайлар қызметі.

Ляззат Алпысбаева

Пікір қалдырыңыз