Жеті жасар баланың өліміне қатысты тергеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ

Бүгін Әйтеке би ауданының әкімі Мәлімбет Ибрашев «Ақтөбе ақпарат» орталығында тілшілермен кездесті. Қызметіне кіріскеніне көп бола қоймаған Мәлімбет Ибрашев атқарылған міндеттерді мінсіз орындағанын айтып, баяндама жасады.
Қысқаша баяндама жасаған Әйтеке би ауданының әкімінен журналистер өткен жылы Милы ауылында қаза болған оқушы баланың өлімі мен ауыл тұрғыны қорлаған жас дәрігерге қатысты тергеу жұмыстарының қалай жүріп жатқанын сұрады.
«Милы ауылындағы 7 жастағы баланың өліміне қатысты мамандар жұмыс жасап жатыр. Тергеу әлі аяқталған жоқ. Күдіктілер бар, олармен құқық қорғау қызметкерлері айналысып жатыр. Дипломмен ауылға келген дәрігердің жағдайынан хабарым жоқ», — деді Мәлімбет Ибрашев.
Милы ауылында өлтірілген оқушы баланың денесі ауыл әкімінің туысының үйінен табылған болатын. Ауылда тіркелген жантүршігерлік оқиғаның тергеліп жатқанынан жылдан асты.

Ардан СЕРДАЛЫ.

Пікір қалдырыңыз