Қозы Көрпеш Баян сұлу күніне арналған ғашықтар байқауы өтеді

Ақтөбелік «Керек инфо» газеті ғашық жұптар арасында байқау ұйымдастырады. Бұны олар қазақ қоғамын өзге ұлттар «әулие Валентин» күні деп атап жүрген ұғымнан арылту үшін өткізбек.

Еске салсақ, соңғы жылдары қазақстандық жастар 15-сәуірді Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күні деп белгілеп, ғашықтар күнін атап өтіп келеді.
Байқауға қатысу үшін газетке 18 жастан жоғары бақытты жұп өздерінің фотосуреттерін жолдап, А4 форматындағы параққа қалай танысқандары туралы шынайы оқиғаны жазып жіберулері керек. Материалды және фотосуреттерді kerekinfoaktobe@gmail.com электрондық адресіне жолдау керек. Жеңімпаздарды купон арқылы оқырмандар таңдайды. Жеңімпаздар сыйлық ретінде мейрамханаға романтикалық кешкі асқа баратын болады. Қосымша сұрақтарды 87716878355 ватсап нөмірі арқылы жолдауға болады.

Пікір қалдырыңыз