Сот әскери шенділерді қамауға санкция берді

ҚР ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы Ақтөбе бөлімінің басшысы Самат Абдуллаев пен оның көмекшісі Тұрысбек Шонтаев екі ай мерзімге қамауға алынды. Самат Абдуллаев пен Тұрысбек Шонтаев 700 мың теңге көлемінде пара алу үстінде ұсталды. Олар ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерінен жауапкершілікке тартпау үшін 2 млн. теңге көлемінде пара талап еткен.

«Ақтөбе қаласының №2 сотына Шонтаев пен Абдуллаевты күзетпен ұстау, бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш хат келіп түсті. Жоғарыда аты аталған азаматтар ішкі істер департаментінің уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды»,-деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз хатшысы Илиада Досова.

Пікір қалдырыңыз