Ақтөбеде демалыс орындарын салуға арналған жерлер аукционға шығарылды

Ақтөбеде демалыс базаларын салуға арналған 10 жер учаскесі аукционға шығарылады. Аукцион 15 ақпанда өтеді. Бұл туралы қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ұшқын Мыңбаев хабарлады.
Еске салсақ, қалалық әкімдікте жер телімдерін беру бойынша аукцион осы айда екі мәрте өтті. Нәтижесі бойынша, жалпы аумағы 15 гектар 22 жер учаскесінің иелері анықталды. Бұл жер телімдеріне енді олар балабақшалар, балаларға арналған ұйымдар ғимараттарын салып беруі тиіс.
Ақтөбелік кәсіпкерлер аукционға белсене қатысқан. Қала әкімдігініің баспасөз қызметі бастапқы баға 10 млн.теңге болғанымен, жер телімдері 80 млн. теңгеге өткенін хабырлап отыр. Басында аукционға 26 жер телімі ұсынылған болатын. Оған аукцион арқылы иелік еткен кәсіпкерлер 3 жылдың ішінде құрылыс салуы керек. Ешкім қызығушылық таныта қоймаған 3 жер телімі аукционға қайта шығарылады.

Пікір қалдырыңыз