Ақтөбеде «Ақтөбе ханымы – 2017» жеңімпазы анықталды

«Ақтөбе ханымы – 2017» байқауына ең талантты, ең әдемі 10 ана қатысты. Байқау қорытындысында  бас жүлдені екі баланың анасы, жасы 27-дегі келіншек Әйгерім Қасбаева жеңіп алды. Бірінші орын иегері — Анель Жапарова, екінші орын Меруерт Айгараеваға бұйырды.

Әйгерім ұзақ жылдар үйде бала күтімімен отырды. Кейін бір іспен айналысуды ұйығарып, визажбен шұғылдана бастады. Оның нәтижесі осы конкурста көрінді.
— Мен байқауда жеңіске жеткеніме сене алмай тұрмын. Бұл мен үшін көп жетістік. Туған—туыстарым менің билегенімді көрген емес. Бәрі таңқалып жатыр. Ал өмірлік серігім қуанышымды бөлісті, — дейді Әйгерім Қасбаева.

«Бұл байқау тұрмыстағы әйелдер үшін өте керек. Қазіргі заманда әйел жан-жақты болуы керек. Ол үшін оқуы, ізденуі, кәсіппен шұғылдануы қажет. Бұл бала тәрбиесіне де көмектеседі», — дейді байқауды ұйымдастырушы модельдік агенттіктің директоры Мәдина Мұратова.

Пікір қалдырыңыз