Өкпе ауруының асқынған түріне шалдыққандар емделуден қашады

Жергілікті полиция қызметінің бастығы Қанат Әлиев полиция қызметкерлеріне жүктелген тапсырманың көп болатындығын айтты. Дәрігерлерге бағынбайтын, жұқпалы дертке шалдыққан науқастарды ауруғанаға еркінен тыс әкелу де полиция қызметіне жүктелген.
«Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қызметінде екпе алудан бас тартқан 2573 бала есепте тұр. Біз бұл жерде тек дәрігерлердің аталмыш отбасына кіруіне көмектесеміз. Денсаулық сақтау басқармасымен тығыз байланыста отырмыз. Асқынға өкпе ауруына шалдыққандар ауруханаға жатпай қашып жүреді. Өткен жылы 45 емделушінің емделуге келмегендігі жөнінде хат түсті. Полиция қызметкерлерінің көмегімен осындай 33 адамды ауруханаға жеткіздік. Олардың дені баспанасы жоқ, кешеде қаңғып жүретіндер. Полиция қызметкерлеріне оларды іздеу де қиындық туғызады», — дейді жергілікті полиция қызметінің бастығы Қанат Әлиев.

Ардан СЕРДАЛЫ

Пікір қалдырыңыз