Ақтөбе облысында учаскелік инспекторларға автокөлік беріледі

Ақтөбе облысында алдағы уақытта барлық учаскелік полиция қызметкерлері автокөлікпен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы жергілікті полиция басқармасының бастығы Қанат Әлиев хабарлады.

«Жол потрульдік полиция қызметкерлері автокөлікпен және арнайы техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілетін болады. Барлық учаскелік полиция қызметкерлерін де көлікпен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Өңірдегі тағы бір мәселе — автотұрақ тапшы. Біздегі көлік саны 195 мыңнан асты. Оның ішінде 125 мың автокөлік қалада. Жол ережесін бұзған 240 жүргізуші жауапқа тартылғанымен жағдай өзгерген емес. Автотұрақ мәселесін шешуіміз керек деп ойлаймын», — деді Әлиев.

Пікір қалдырыңыз