«Ақылды үй» құрылысының қашан аяқталатыны белгісіз

«Нұр Ақтөбе» ықшам ауданында бірнеше жыл бұрын қолданысқа беріледі деген жарық, су, жылу үнемдейтін «ақылды үй» құрылысы ұзақ жылдан бері тоқтап тұр. Құрылысты жүргізген мердігер компания басшысы сотты болып, «ақылды үй» құрылысы аяқталмай қалды. Қарғалы ауданына жоспарлаған жел электр станциясын салу жобасы да екіұшты күйінде қалып отыр. Жобаның техникалық құжатын дайын болған кезде доллар бағамы шарықтап, шетелден әкелінуге тиіс қондырғы бағасы қымбаттап кеткен. Жауапты мамандар бұл құрылыстың да қашан басталатынын тап басып айта алмады.

«Қаржылық қиындыққа байланыста жобалардың жүзеге асу жұмыстары алдағы уақытта шешілетін болады. Ақтөбе жылу-электр орталығыең арзан электр қуатын өндіріп отыр. Бұл кәсіпорында өндірілген электр тоғы қарапайым тұтынушыларға бағытталған. Ірі өндіріс орындарына электр тоғын өздері өндіруді жүктелген.  Биыл «Ақжар-2» шағын станциясының қуаты күшейтіледі. Ондағы электр қуаты «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданын қамтуға да жеткілікті»,-дейді облыстық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қаржаубай Ыбырайымұлы.

А.СЕРДАЛЫ

 

 

Пікір қалдырыңыз