Ақтөбе мемлекеттік қызметкерлері тестілеу қорытындысы бойынша қандай баға алды?

Бүгін ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы Б корпусы мамандары тапсырып жатқан тест жұмыстарының екі күндік қорытындысын айтты. Екі күннің ішінде тапсырған 151 маманның 17-сі жоғары, 1-еуі қанағаттанарлық, 131-і тиімді баға алған.

«Қаңтар айында барлық мемлекеттік қызметкерлерге кешенді аттестацияның ережелерін толық түсіндіріп өттік. 1 ақпаннан бастап Б корпусындағы қызметкерлерді тестілеу басталды. Екі күнде 151 адам тестілеуден өтті. Оның 17-сі өте жоғары баға алды. 133 –і тиімді,1-уі қанағаттанарлық көрсеткіште тапсырды. Б корпусына кіретін 4740 қызметкердің 3246-сы тест тапсырады. Тест алу жұмыстары арнайы жоспар бойынша 11 сәуірге дейін жалғасады»,-дейді ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбеоблысы бойынша департамент басшысы Қайыржан Тоқышев.

Екі күндік қорытынды бойынша 6-7 басқарманың бірінші басшылары жоғары керсеткішке жеткен.

«Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы, қазынашылық департамент басшысы, табиғи ресурстарды қорғау мемлекеттік басқарманың басшысы және біздің мекеменің 6 қызметкері жоғары баға алды. Ең төменгі баға алғандарға аттестациялық комиссия сұрақ алады. Ол кісінің қызметіне сәйкестігі немесе жоғарылауына қатысты сұрақты тек комиссия төрағасы шешеді», -дейді Тоқышев.

А.СЕРДАЛЫ

Пікір қалдырыңыз