3 млн. теңгеге дейін несие алып, кәсіп ашуға болады

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры наурыз, сәуір айларында 3 млн теңгеге дейін қайтарымсыз грант береді. Бұдан өзге, «Жас старт» деген бағдарлама жұмыс істейді. Оған 29 жасқа толмаған әрбір белсенді азамат қатыса алады. Бұл туралы бүгін «Даму» қорының облыс филиалы мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған шеберлік сағатының барысында айтылды. Кәсіпкерлік негіздерін үйреткен шара Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде өтті.
Шеберлік класында мамандар колледж оқушыларына кәсіпкерлік ашу, қаржылық сауаттылық, бизнес-жоспардың жасалу жолдарын түсіндірді.
— Біз екінші деңгейлі банктер арқылы жұмыс жасаймыз. Банктер несие беру үшін кепілдік сұрайды. Кәсібін ашқан адамға қолдау ретінде біз несиенің 85 пайызына кепілдік береміз. Сонда кәсіпкер өзінен несиенің 15 пайызына ғана кепілдік шығарады. Үстемеақы мөлшері 8,5 пайызбен несие алуға болады. Бұл түсінген адамға көп жеңілдік, — дейді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының маманы Жәнібек Құдашев.
15 мамандық бойынша білім алып жүрген оқушылардың биыл бес мыңнан астамы түлектер. Олар колледжден кейін міндетті түрде жұмыс іздейді. Ал мамандығы бойынша жұмыс таппаған жағдайда кәсіпкерлік негіздерін меңгеріп, кәсіп ашуларына болады.

Н.ЖАМАЛОВА.

Пікір қалдырыңыз