Ақтөбеде атауы жаңғырған көшелердің жолы жөнделмей тұр

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Ақтөбе қаласында атауы өзгерген 25 көшенің тұрғындары көше жолдарын жөндеп беруді сұрап отыр. Бұл туралы бүгін қала әкімінің бірінші орынбасары Жандос Байырхановтың қатысуымен өткен брифингте мәлім болды.
Тәуелсіздіктің тартуы ретінде мән—маңғына жоқ атаулар алынып тасталып, тарихи құнды, тарихи тұлғалардың есімдерінен тұратын атаулар кейбір көшелерге берілді. Тұрғындар бұған қатты қуанышты. Жаңғырудың басы осы екен деп ойлаған олар аты өзгерген көшелердің заты да өзгереді деген үмітпен жолдарын жөндеп, асфальттауды сұраған. Бірақ, қала әкімінің бірінші орындасары мұндай міндеттеме алған жоқпыз деп отыр.
— Көшелерге біз жаңа атау берген кезде міндетті түрде жөндеп береміз деп міндеттеме алған жоқпыз. Жолдар кезегімен жағдайына байланысты жөнделетін болады. Мәселен, қоғамдық көліктер өтетін жолдар бірінші кезекте жөнделеді, 1 дейді Ж.Байырханов.

Н. ЖАМАЛОВА.

Пікір қалдырыңыз