Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың өкімімен арнайы тексерудің нәтижелерін алған күнге дейін Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары міндетін атқарушы болып Жұман Жүсіпұлы ЗИНЕ тағайындалды.

Жұман ЗИНЕ 1989 жылы туған. Білімі жоғары, Қазақстан-Британ техникалық университетін техника және технология бакалавры, экономика ғылымдарының магистрі біліктіліктері бойынша аяқтаған.

«Экономикалық зерттеу институты» АҚ эксперті, басқарма басшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жетекші маманы, басқарма басшысының орынбасары, «Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік-жеке әріптестік аумақтық орталығы» ЖШС директорының орынбасары болып қызмет атқарды.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақтөбе қаласы әкімі кеңесшісінің міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.

Пікір қалдырыңыз