Ақтөбе облысы үшін өткен жыл үшемдер мен егіздер жылы болды

Ақтөбе облысында бір жылда 19848 бала өмірге келген. Ал желтоқсанның 31-нен қаңтардың біріне қараған түні облыстағы барлық перзентханалар әдеттегідей тынымсыз жұмыс жасап, аналар 51 сәбиді дүниеге әкелді. 26 ұл, 25 қыз бала тіркелді.
Өткен жылы өмірге келген 20 мыңға жуық сәбидің 9958-і ер бала болса, 9890-ы қыз бала. Мамандар облыста туу көрсеткіші 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 4 пайызға артқанын айтып отыр.
Тағы бір қызықты дерек, 2016 жылы облыс бойынша 5 үшем (15 бала), 193 егіз бала туған.

Жанна ЕРАЛИНА.

Пікір қалдырыңыз