Ақтөбеде 40 қабатты тұрғын үй салынатын болады

Үкімет бекітіп берген Ақтөбе қаласының бас жоспарымен нақты жұмыстар басталды. Бүгін облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Серік Төленбергенов қаладағы өзгеріс енетін аудандар туралы айтып берді.

  • Жаңадан бой көтеретін «Батыс-3» шағын ауданының жобасы дайын. Оған қоса қаламызда «Ақтөбе сити» шағын ауданы бой көтеріп, оған «Батыс-1», «Батыс-2» аудандары біріктірілетін болады.  Сонымен қатар, қаланың жоспарында 40 қабатты үйлер мен 30 мың орындық стадион салу жобалары да бар, -дейді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Серік Төленбергенов.

Мамандар «Ақтөбе сити» ауданы 110 мың халық тұратын шағын қалаға айналады деп жоспарлап отыр.  Жоспар бойынша, Мәскеу ауданындағы үйлер бұзылып, үлкен ғимараттар салынады.

Әлеуметтік нысандарды салу үшін биыл бюджет қаражатынан 24 млрд. теңге бөлінген. Тоғыз айда 13,5 млрд. теңге қаржы игерілген. Тоғыз айдың көрсеткіші бойынша, 390 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй тапсырылып, 3158 отбасы пәтерлі болған.

 

 

Пікір қалдырыңыз