Ақтөбеде 3158 пәтер пайдалануға берілді

Ақтөбеде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде. Бұл туралы «Ақтөбе-ақпарат» орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасының басшысы Серік Төленбергенов мәлімдеді. 500 шаршы метр тұрғын үйдің бүгінгі таңда 390 мың шаршы метрі пайдалануға берілген. Негізінен Қазақстанның ипотекалық компаниясы және «Бәйтерек» ұлттық холдингісінің жалға және несиеге берілетін баспаналары аясында көпқабатты үйлер салынуда.
Әлеуметтік құрылыс та даму үстінде. Биыл 3,4 млрд. теңгеге барлығы 16 жоба жоспарланған. Облыста жаңа медициналық пункттер, жылыжайлар салынуда. Тарихи-өлкетану музейінің, хоккей модулінің және жатақхананың құрылысы жүруде. Сол сияқты қаланың бас жоспарына сай бірқатар өзгерістер болады.
— Қала бойынша толық айта алмаймын. Бірақ, нақты білетінім, болашақта Мәскеу ауданындағы саяжайлар алынып тасталады. Қалаға жақын орналасқан саяжайларға тұрғын үй статусы беріледі, — дейді Серік Төленбергенов.

Жанна ЕРАЛИНА.

Пікір қалдырыңыз