Ақтөбеде 250 математик бір мезгілде есеп шығарды

Облыстың жас математиктері жаратылыстану пәндері бойынша президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңіне қатысты. Дарындылардың білім додасы осымен тоғызыншы рет өтіп отыр. Мұны «Ақтөбе-Дарын» ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған. Қаланың және аудандар мектептерінің 250 оқушысы бес сағат бойы математика, физика, биология және химия пәндері бойынша ең күрделі тапсырмаларды орындады. Олардың жұмыстарын қазылар алқасының ғылыми дәрежесі бар мүшелері бағалады. Бұл жолғы облыстық кезеңнен өткендер енді республкалық олимпиадаға қатыспақ. Ал президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінде жеңімпаз болғандар білім грантының үміткерлері атана алады.

Жанна ЕРАЛИНА.

Пікір қалдырыңыз