10 құтқарушы марапатталды, 2 қызметтік көлік берілді

 Бүгін — қазақстандық құтқарушылар күні. Қазақстанда құтқару қызметінің құрылғанына биыл 21 жыл толды. 1995 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласында уәкілетті орталық ретінде атқарушы орган құрылды.

Бүгін Құтқарушылар күніне арналған салтанатты шара Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрда өтті. Театр алаңына құтқару қызметінің материалдық-техникалық базасын айшықтайтын көрме ұйымдастырылды. Көрмеге қойылған техниканың жұмысымен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев танысып, құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ал театр залында өткен салтанатты шара барысында төл мереке иелері марапатталды.
— Қазақстанда құтқару қызметі дамып келеді. Әлем елдерінің озық тәжірибелерін пайдалана бастадық. Оның ішінде өңірлердегі жұмыс жолға қойылды. Өткен жылдарда техникалық базамыз 70 пайызға жаңғыртылды, — дейді облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы Бауыржан Сыздықов.
Салтанатты шара барысында төл мереке иелері марапатталды. Құтқару қызметінің 10 адамы облыс және қала әкімдерінің Алғыс хатымен марапатталды. Ведомствоға 2 қызметтік көлік берілді. Айта кету керек, қазір құтқару саласында 902 адам жұмыс жасайды, оның ішінде 109-ы төтенше жағдайлар қызметінде. 722 адам өрт сөндіруші болса, 77 құтқарушы жедел отряд құрамында.

Жанна ЕРАЛИНА.

 

Пікір қалдырыңыз