2030 жылға қарай Ақтөбе қаласының аумағы үш есе ұлғаяды

2030 жылға қарай Ақтөбе қаласының аумағы үш есе ұлғаюы тиіс. Қазіргі 29 мың гектардан 72 мың гектарға дейін!!! Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа алдағы 15 жылға жобаланған қаланың бас жоспарын таныстыру барысында белгілі болды. Сонымен, 2030 жылға қарай облыс орталығының тұрғын үйлер құрылысына қатысты талап бойынша құрылыстың 80 пайызынан астамын төрт, бес қабатты баспаналар құрайтын болады. Ал ақтөбеліктердің саны қазір 454 мың адам болса, 2030 жылға қарай шамамен 625 мың болуы керек.

Жанна ЕРАЛИНА.

Пікір қалдырыңыз