Ақтөбеде өрт салдарынан 6 адам қаза тапты

Ақтөбе облысында жыл басынан бері тілсіз жаудың салдарынан 6 адам қаза тауып, 14-і түрлі дене жарақаттарын алған. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Аслан Тұрмағамбет мәлімдеді.
Қазір Жылу беру маусымы басталуына байланысты төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігін сақтауға арналған айлық жариялады. Үй иелеріне жадынамалар таратылып, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы кеңес беріледі.
— Негізі бұл ескерту шарасы жыл сайын ұйымдастырылады. Себебі, дәл осы кезде тұрғын үй секторларында өрттің шығу қаупі жиілейді, — дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Аслан Тұрмағамбет.
Төтенше жағдайлардың алдын алу қызметінің мамандарының үйлерді 15-ші қазанға дейін тексереді. Олар бүгінгі күнге дейін, облыс бойынша 13 мыңнан астам тұрғын үй секторларын аралаған. Нәтижесінде 8781 жаднама тартылған.
Жалпы жыл басынан бергі 9 айдың ішінде, Ақтөбе қаласындағы тұрғын үй секторында 136 өрт оқиғасы тіркелген. Салдарынан 1 адам қаза тауып, 13-і түрлі дене жарақатын алыпты.

Жанна ЕРАЛИНА.

Пікір қалдырыңыз