Жастар жат ағым жетегіне сауатсыздықтан кетіп жатыр

Мамандар мектепте оқытылатын діни білімді 1 сағатпен шектемеу керек екендігін айтты.

«Дінтану» пәні мектептерде тереңдетіліп оқытылатын болады. Елімізде орын алған ахуалдан кейін мұғалімдер «Дінтану» сабағының 1 сағатпен шектеуді аз деп есептейді.

  • Елімізде «Дінтану негіздері» атты пән ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 22-шілдесіндегі бұйрығына сәйкес енгізілді. Пәнді тек 9-сынып оқушылары оқып жүр. Аптасына бір сағат. Жылына 34 сағатты құрап отыр. Кей мектептерде бұл пән бұрыннан бар. Талап бойынша оқытушы түрлі діннің шығу тарихы мен дамуын түсіндіруі тиіс. Елімізде орын алған діни ахуалдан кейін 1 сағатпен шектелу өте аз,- дейді Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті «Дінтану» кафедрасының доценті Тышхан Кеңшілік.

Облыстық «Руханият» музейінде өткен семинарға қатысушылар жастардың жат ілімнің жетегіне діни сауатсыздықтан кетіп жатқанын айтты. Олар «Дінтану» пәнінің оқытылу курсын түбегейлі өзгерту керек деп есептейді.

Жастар арасында ең күрделі мәселе-экстремистік топтардың көбеюі. Бұған діни танымның жетіспеушілігі себеп екендігін айтқан педагогтар «Дінтану» пәнін 6- класстан бастап енгізу туралы ұсыныс жасады.

 

 

 

Пікір қалдырыңыз