«Нұр Отан» партиясына 9 айда 635 шағым түскен

Билік партиясына жолданған шағымдардың 200-і оң шешімін тапқан.

Бүгін «Нұр Отан» партияның қалалық филиалы соңғы 9 айды қортындылады.  Осы уақыт ішінде түскен 635 шағымның 200-і оң шешімін тапқан. Бұл туралы бүгін өткен қорытынды мәжілісте айтылды.  Түскен шағымдарға сараптама жасаған депутаттар ақтөбеліктерді көбіне жұмыссыздық пен баспана мәселесі алаңдатып отырғанын айтты.

  • Новиковтар отбасы, Шыныбековтер отбасыларына көмектестік. Тұрғындардың көбі жұмысқа орналасу, баспаналы болу, жер телімдерін алу мәселелерімен жиі хабарласады. Өзге де мәселелер қатарында несиеге жеңілдік беру, қайта қаржыландыру, әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту да бар,- дейді «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Асқар Қойлыбаев.

Қала тұрғындарының көбі баспаналы болып, екі қолға бір күрек тапқылары келеді. Депутаттарға келген шағымдардың мазмұны осындай. Жыл басынан бері қоғамдық қабылдау бөлімінде қалалық мәслихат депутаттары 154, әкімдер мен олардың орынбасарлары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары 47 қабылдау жүргізген. Жиында халықпен жұмыс сапасын арттыру мақсатында қала маңындағы бес ауылдық округте көшпелі қабылдау өткізудің қолға алынғаны айтылды.

Пікір қалдырыңыз