Ақтөбедегі қарттар үйінде қариялардың саны азайған

Қазіргі таңда қарттар және мүгедектер үйінде 227 тұрғын тұрады. Олардың ең жасы отызда, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Орталыққа ең бірінші қиын жағдайда түскен, жас кезінде отбасын асырай алмай немесе жұмыс жасамай әлеуметтік бейімдеу орнынан келгендер 40 пайызды құрайды. Одан кейін жалғыз қалған жандар мен балалары шет елде тұрып жатқан қарттар орналасқан.

«2016 жылға дейін 300 адам болса, қазіргі таңда 227-ні құрап отыр. Ең үлкені тоқсан алтыда, ең жасы отызда. Қазір орталықтағы жандардың саны азайды. Бұрынғыдай ата-аналарын тапсыратындар да жоқ. Екі жыл бұрын қаңтар айында шыққан заң бойынша зейнетақыларының 70 пайызы жататаны орындарына жиһаздар алуға, дәрі-дәрмекке және медициналық қызметке кетеді», — дейді №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығының  әлеуметтік жұмыс жөіндегі директор орынбасары Сән Нұрышова.

Пікір қалдырыңыз