aktobenews

Ақтөбе облысында еңбекақының орташа мөлшері – 117 000 теңге

Облыстық статистика департаменті осы жылдың екінші тоқсаны бойынша жалақысы жоғары мамандық иелерін анықтады. Ақтөбе облысында биылғы жалақының ең жоғары мөлшері —  181 050 теңге. Бұл  қаржы және сақтандыру компанияларында қызмет жасайтындардың үлесінде. Кәсіпорын жұмысшылары орта есеппен айына 164 мың теңге алса, кәсіби және техникалық қызметкерлердің жалақысы 127 мың теңгеннің шамасында. Ең төменгі жалақы әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласының қызметкерлеріне тиесілі. Статистика департаментінің мәліметтеріне сенсек, барлық салада еңбекақының жоғарылағаны байқалыпты.

Ақтөбеде 8 бала иппотерапиямен емделіп жүр

Церебральді сал ауруымен ауыратын балаларды атқа мінгізіп, жүргізу арқылы емдеу тәсілі елімізде бірнеше жылдан бері бар тәжірибе. Қазір Қазақстанда 44 574 мүгедек бала бар екен, оның 10 000-нан астамы церебральді сал ауруымен ауырады, Ақтөбеде осындай дертке шалдыққан 600-ден астам бала бар. Церебральді сал ауруына шалдыққан балаларды атқа мінгізу арқылы емдеу, яғни, иппотерапия Ақтөбедегі №10 облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бір жолға қойылған. Мектептің бапкері Шыңғысхан Ержанов пен  «АҚ ТАЙ» бірлестігінің өкілі

Ақтөбелік жүзгіш Риоға бармайтын болды

Қазақстанның жүзу спортындағы үміті Александр Тарабрин Бразилияның Рио-Де-Жанейро қаласында өтетін Олимпиада ойындарында өнер көрсетпейтін болды. Шілде айының қортындысы бойынша ақтөбелік жүзгіш жалпыәлемдік рейтингте 151-ші орынға табан тіріген. Сол себепті ол Олимпиадаға жолдама беретін «А» дәрежелі лицензияны ала алмаған. Бұл туралы бүгін Александр Тарабриннің бапкері Азамат Сарбасов мәлімдеді. Енді төртжылдықтың ең маңызды жарысында жүзу спортында Қазақстан намысын Дмитрий Баландин мен Екатерина Руденколар қорғайтын болады.  

Ақтөбеде ішіп алып, көшені басына көтерген десантшылар тәртіпсіздік жасағаны үшін жауап беретін болады

Тәртіп сақшаларына бағынбаған десантшылар «Мәңгілік алау» жанында жүрген жерінен полиция бөлімшесіне жеткізілген. Ақтөбеде десантшылар көшеде бұзақылық жасаған. Олар 2 тамыз әуе-десант әскерінің құрылған күнін атап өткен болуы мүмкін. «2 тамыз күні кешкі сағат 10:00 шамасында полиция қызметкерлері Әлия Молдағұлова даңғылының бойында Әуе-десант әскерінің киімін киген бір топ адамды байқайды. Ішімдік ішіп айқайлап жүрген олар қоғамдық тәртіпті бұзған», — деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметі. Полицияның ескертуіне бағынбаған 25 және 27 жастағы

Ақтөбеде «Startup «Bolashak» бизнес жобалар байқауына құжаттар қабылдана бастады

«Болашақ» Қауымдастығы мен «Даму» Қорының қолдауымен өткізілетін «Startup «Bolashak» бизнес жобалар байқауының екінші маусымындағы жүлде қоры 30 миллион теңгеден асады. Қазір осы байқауға қатысуға құжаттар қабылданып жатыр. Ақтөбебеліктер құжаттарын «Даму» қорының облыстағы аумақтық филиалына әкеліп тапсыра алады. Байқаудың мақсаты —жастардың кәсіпкерлік бастамаларын жан-жақты қолдау.  Оған 18-29 жастағы кәсіпкерлер қатыса алады. I орын үшін 7 млн теңге, II орын үшін 6 млн теңге және ІІІ орын үшін 5 млн теңге «Болашақ»

Ақтөбеде жас жігіт жоғалып кетті

18 жастағы жігітті туыстары таба алмай жатыр. Бағым есімді жігіттің туысқандары «Aktobe zellо» тобының инстаграмдағы парақшасына жүгінген. Онда жігіттің үш күн бұрын жоғалғаны, туысқандарының хабарласа алмай отырғаны айтылады. Жігітттің телефоны сөндірулі, сондықтан, онымен ешкім байланыса алмай отыр екен. Туыстары әлеуметтік желі тұтынушыларынан көмек сұрайды. «Бағым туралы қандай да ақпарат білсеңіздер,  8702 676 09 05  телефонына хабарласуларыңыз сұралады. Көлігі ақ түсті «Лада грант». Машинасының мемлекеттік номері — 719 CSM 04. Көлігін

Ақтөбеде  қыз зорлауға әрекет жасаған күдікті іздестіріліп жатыр

Күдікті қыз баланың 12 000 теңге ақшасы  мен iPhone  телефонын қолды қылған. 2 тамыз күні Ақтөбеде болған қылмыстық оқиғаны «Aktobe zellо» мүшелері инстаграмдағы  парақшасында жазды. Онда түнде болған қылмыстық оқиға туралы толық баяндалған. Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы 60-үйге түнгі сағат 2 шамасында подъезге қыздың артынан ілесе кірген бейтаныс жігіт оны қорқытып, ұстап алады. Зардап шегуші қыздың айтуынша,  подъезге кірер кезде күдікті есіктің алдында тұрған. Екінші қабатқа келгенде оның мойнына пышақ кезеп,