admin

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар саябаққа еркін кіріп-шығатын болды

ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябағына кіре берісте мүмкіндігі шектеулі адамдарға ыңғайлы болуы үшін пандус салынды. Бұрын қоларбаға таңылғандар саябаққа баспалдақ арқылы кіру қиын болғандықтан, көлік жолымен ғана кіре алатын. «Пандус-ОК» ЖШС салған жаңа пандус ұзындығы — 17 метр. Құны — 1,5 миллион теңге. — 2014 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатырмыз. Әзірге 5-6 нысанға ғана пандус салынды. Бұдан өзге түрлі мекемелердің басшыларымен кездесіп, кеңес беру жұмыстарымен де айналысып келеміз. Пандус

Оқушы қызға біреулер ата-ананың қарсылығына қарамастан, намаз оқуға кеңес берген

Қандыағаштағы мектептердің бірінде оқитын жасөспірім қыз Ақтолқын Романова ауданға келіп, жұртшылықпен кездескен мемелкетік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша жұмыс тобының өкілдеріне өзін мазалаған сұрақты қойды. Ол өзін көптен бері намаз оқу туралы ой мазалайтынын, оқуға үйреніп жүргенінде анасы қарсылық білдіргенін айтып берді. Ақтолқынға өздерін «хақ жолда жүрміз» деп таныстырғандардың уағызын тыңдаған соң, осындай ой келген. Анасы басында көнгенімен, кейін Ақтөбеде бесінші маусымда болған лаңкестік оқиғадан соң, үзілді-кесілді бас тартып,

Жаңа спорт алаңына бюджеттен 15 миллион теңге бөлінген

Қобда ауданында қазынадан 15 миллион теңге бөлініп, көп салалы спорт алаңы ашылды. Алаңның ені 20, ұзындығы 40 метрге созылып жатыр. Қобда орта мектебінің жанынан ашылған спорт алаңына жазда футбол ойнауға болатын жасыл төсеніш төселген. Ал қыста бұл жер мұз айдынына айналады. Балалар хоккей онайтын болады. — Бұл алаң заманауи мектептің талабы сай. Мұндай спорт алаңы біздің ауданның мектептерінде бұрын болған емес. Жылдың барлық маусымында ашық тұрады. Қазір біз ауданның өзге

Ақтөбелік керуен Қызылордаға аттанады

13-15 күндері Қызылорда облысында Ақтөбе облысының күндері өтеді Ақтөбенің көрші облыстағы күндері екі өңірдің шекарасынан басталады. Арал ауданы Қамыстыбас ауылдық округінде «Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығында шаралар өткізіледі. Қазалы, Қармақшы, Сырдария аудандарында да бірқатар кездесу жоспарланған. Ақтөбеліктер «Байқоңыр» ғарыш айлағымен, «Қорқыт ата» мемориалдық кешенімен, Қармақшы ауданындағы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ елі» аллеясымен танысады. Қызылорда қаласында спорттық, мәдени-көпшілік шаралар, Ақтөбе облысы өнер шеберлерінің және шығармашылық ұжымдарының

Қыз зорлауға әрекет еткен күдікті ұсталды

Полицейлердің жедел іздестіру шаралары нәтижесінде 8 қазан күні «Ақтөберентген» саяжай учаскесі маңында 18 жастағы қала тұрғынын зорлауға әрекет еткен күдікті ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Қазіргі уақытта аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалған. Іс зерттеліп жатыр. Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Ақтөбеде қоғамдық көлікте шырылдап жылаған баланың дауысы жан түршіктірді

Видеоны көрген тұрғындар Бердібек Сапарбаевтан қоғамдық көлік мәселесін шешіп беруді сұрайды. Қаладан «Сүт зауыты» ауданы жанындағы саяжайларға баратын №32 бағыттағы қоғамдық көлікте болған оқиға көпшілікті бей-жай қалдырмады. «Aktobe_zello» тобының парақшасына жүктелген көріністе қоғамдық көліктегі бір сәт түсірілген. Автобустан ұстайтын жер таба алмай бір-бірін итерген адамдар, жылаған баланың даусы жан түршіктіреді. — «Сүт зауыты» ауданына келетін №32 автобустағы жағдай. Жоғары жақтағылардан тағы бір автобус шығаруын сұраймыз. Қаладағы мектептерде оқитын балаларға обал.

Суырмалы жер көлемі ұлғайтылады

Облыста қазіргі күні 30 мың гектар суармалы жер бар. Бұрын соның 12 мың гектары пайдаланылып келсе, биыл тағы 6 мың гектар жер қосылған. Мұны «Ақтөбе-ақпаратта» өткен брифинг барысында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қаржаубай Ыбырайымұлы айтты. — Қазір осылайша 18 мың гектар жерді пайдаланып отырмыз. Бұған қоса 10 мың гектар жерге сметалық құжаттар дайындадық, оны халықаралық қаржыландыру ұйымдарының көмегімен алдағы жылы игеруді жоспарлап отырмыз. Бұл бағытта Астанадағы су комитетімен тығыз