admin

Базардағы төбелесті кім бастады?

28 қыркүйек күні Ақтөбе қаласындағы Орталық базар маңында төбелес болғаны белгілі. ІІД-нің «102» телефонына түскен хабарлама нәтижесінде бір топ күдікті ішкі істер органдарына жеткізілді. Тексеру нәтижесінде күдіктілердің бірқатары белгіленбеген орындарда ұялы телефон сатумен айналысатыны анықталған. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Олар ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 204-бабы бойынша (белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшіг) ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тінту кезінде күдіктілердің бірінен ұрланған «Айфон-5» маркалы ұялы телефон тәркіленді.

12 жастағы шабандоз аламан бәйгеде темір тұлпар мінді

Ақтөбеде ауылшаруашылығы қызметкерлері күні мерекесі республикалық деңгейде аталып өтті. Ақтөбеде жастар арасында ұлттық спорттан ХХ ел чемпионаты өтті. Ұлттық спорттан жамбы ату, теңге ілу, көкпар, аламан және тоқ бәйгеге еліміздің 9 облысынан 150-ге жуық жүйрік шабандоз қатысты. Шара Ақтөбе ипподромында өткізілді. Доданы тамашалауға 3000-нан аса адам жиналды. — Әрине ұлттық спортты жастар арасында кеңінен насихаттау жұмысын одан әрі жүргізу қажет. Бұл мереке біздің жастарымыз үшін маңызды. Осындай жарыстарды алдағы уақытта

Түнгі шамдарды сындырып, 65 түп талды қазып алып кеткен кімдер?

Ақтөбенің іргесіндегі Қарғалы ауылында отырғызылған 200 түп жас көшеттің 65-ін қазып алып кеткен. Ал елді мекеннің ішіндегі саябаққа жазда жөндеу жасалған болатын. Оған орнатылған түнгі шамдарды сындырып, отырғыштарды кесіп тастаған. Бұл туралы ауылдық округ әкімі Алмаз Әлімбаев мәлімдеді. — Жилянка — Ақтөбенің іргесіндегі ең үлкен елді мекендердің бірі. Егер, осыдан 20 жыл бұрын ауылдық округте 10 мың адам тұрса, қазір тұрғын саны 23 мың адамға жетті. Бұл дегеніміз жыл санап

Бексұлтан Нұржекеұлы – ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері!

2016 жылғы Қазақстан Рес­пуб­­ликасының Әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сый­лығын беру жөніндегі комис­сияның шешімімен мемелекеттік сыйлық жазушы Бексұлтан Нұржекеұлына бұйырды. Бұл сыйлық жазушыға «Әй, дүние-ай» тарихи романы үшін берілді. «Романды «Әй, дүние-ай!» деп атаған себебім, бұл жеке адамның тағдыры емес. Бас кейіпкері – Шәйі деген Албанның қызы. 2016 жылы Албан көтерілісіне, Торғай көтерілісіне, жалпы ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл толады. Бұл қазақтың үлкен бір тарихи белесі. Қазақтың үлкен қайраткерлері, Ахмет Байтұрсынұлы,

Ақтөбеде 250 математик бір мезгілде есеп шығарды

Облыстың жас математиктері жаратылыстану пәндері бойынша президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңіне қатысты. Дарындылардың білім додасы осымен тоғызыншы рет өтіп отыр. Мұны «Ақтөбе-Дарын» ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған. Қаланың және аудандар мектептерінің 250 оқушысы бес сағат бойы математика, физика, биология және химия пәндері бойынша ең күрделі тапсырмаларды орындады. Олардың жұмыстарын қазылар алқасының ғылыми дәрежесі бар мүшелері бағалады. Бұл жолғы облыстық кезеңнен өткендер енді республкалық олимпиадаға қатыспақ. Ал президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінде жеңімпаз болғандар білім

Ақтөбеде бизнес мектебі оқыту курстарын бастады

Ақтөбе политехникалық колледжінде өңірлік кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ашылған студенттік бизнес мектебінің үшінші маусымы басталды. Бұл курс «Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамыту» бағыты бойынша жүзеге асырылуда. Курс барысында оқушылар форумдарға, тақырыптық кездесулерге қатысады. Олар үшін кәсіпорындарға экскурсия ұйымдастырылады. Сондай-ақ, бизнес мектебінің оқушылары нақты жобалар дайындап, республикалық, облыстық байқауларға да қатыспақ. Кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің айтуынша, колледж түлектері үшін алған білімі өз кәсібін ашуға көмектеседі. — Бизнес мектебіне қатысушылар бизнесті жүргізу, кәсіпкерлік

Ақтөбеде 40 қабатты тұрғын үй салынатын болады

Үкімет бекітіп берген Ақтөбе қаласының бас жоспарымен нақты жұмыстар басталды. Бүгін облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Серік Төленбергенов қаладағы өзгеріс енетін аудандар туралы айтып берді. Жаңадан бой көтеретін «Батыс-3» шағын ауданының жобасы дайын. Оған қоса қаламызда «Ақтөбе сити» шағын ауданы бой көтеріп, оған «Батыс-1», «Батыс-2» аудандары біріктірілетін болады.  Сонымен қатар, қаланың жоспарында 40 қабатты үйлер мен 30 мың орындық стадион салу жобалары да бар, -дейді облыстық құрылыс,