Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ақтөбеде волонтерлар штабы құрылды

2020-03-20 121

 

Коронавируc пандемиясының алдын алу мақсатында құрылған штаб осал топтағы және аз қамтылған отбасыларға тегін азық-түлік жеткізеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қазіргі таңда індеттің алдын алу және салдарымен күресу мақсатында еліміз бойынша түрлі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жағдайға байланысты ақтөбелік волонтерларда қол бірігіп арнайы штаб құрды. Облыстық жастар саясатының бастамасымен жасақталған штабқа он сегіз жастан асқан сексенге жуық ерікті тіркелген. Кеше жұмысын бастаған жастар кәсіпкерлердің көмегімен жиырмадан аса отбасыға тегін азық-түлік жеткізді.

«Өздеріңіз білесіздер денсаулық сақтау министрлігі және басқа да жауапты мамандар халықты барынша үйде отыруды сұрап жатыр. Қоғамда үлкен шектеулер қойылды. Мейлінше адам көп шоғырланатын шығуға болмайды. Сондықтан да біз үйде отырған ата-әжелерімізге, одан бөлек жалғыз басты аналарымызға барынша көмектесу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Волонтерлық штаб азық-түліктерін барлығын үйлеріне жеткізіп, коронавирус эпидемиясынан қорғану шараларын түсіндіреді. Волонтерлардың ұсыныстарын тыңдап, алдын-ала дайындық жұмыстарын өткіздік. Маска мен медициналық қолғаптар тегін таратылып, арнайы азық-түлік тасуға арналған автокөліктермен қамтамасыз етілді», - дейді Ақтөбе облысы жастар саясаты басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов.