Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ақтөбеде соңғы жағдайларға байланысты «Біз біргеміз» акциясы басталды

2020-03-19 85

Акция аясында мұқтаж отбасылар мен жалғыз басты қарт кісілерге азық-түлік жеткізіледі, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Короновирус эпидемиясы мен соңғы экономикалық жағдайларға байланысты жағдайы төмен отбасыларға, мүгедек және жалғызбасты адамдарға көмек көрсету үшін қайырымдылық акциясы басталды. Қоғам белсенділері, кәсіпкерлер, волонтерлар Ақтөбе жұртшылығын игі іске атсалысуға шақырады. Мұқтаж отбасыларға азық-түлік жеткізіліп, коронавирустан сақтану жолдары түсіндіріледі.

Бастамаға алғашқы болып қоғам белсендісі Марат Қойлыбаев пен үкіметтік емес ұйымдар бірлестігі үлесін қосып жатыр. Бүгіннің өзінде жиырмадан аса отбасыны айлық азықпен қамтамасыз етіп жатырған қайырымды жандар бұндай сәтте бірлікте болу керектігін айтты.

«Шыныменде біздің бірігетін сәтіміз осындай қиыншылық кезеңдерде. Бас қосып төніп тұрған сынақты шешу. Қазір аталмыш акция арқылы аз қамтылған отбасыларға көмектесіп, түсіндіру жұмыстарын айтамыз. Сақтану жолдарын ескертеміз. Бұндай кезеңде бірігіп отырып шешпесек басқаша шешімі болмайды», - дейді қоғам белсендісі Марат Қойлыбаев

Ресми дерек бойынша қаламызда көмекке мұқтаж 15 мыңға жуық адам бар