Ақтөбе облысының жаңалықтары

Төтенше жағдай талаптарын бұзғаны үшін кәсіпкерлер жауапқа тартылады

2020-03-19 63
Көрнекі фото

Ақтөбеде төтенше жағдай шектеулерін бұзып, түнгі мезгілде де жұмыс істей бергені үшін 3 кәсіпкердің ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қалалық әкімдік пен жергілікті полиция қызметкерлері төтенше жағдайды енгізу туралы қаулысы негізінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін түн мезгілінде рейд жүргізді.

Нәтижесінде шектеулер мен талаптарды орындамаған 3 кәсіпкердің үстінен іс қозғалды. ҚР Әкімшілік кодексіне сәйкес, төтенше жағдай талаптарын орындамағандарға айыппұл немесе 15 тәулікке қамау жазасы қарастырылған.

Айта кетейік, қалада жедел штаб құрылды, барлық мемлекеттік және төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген режимде жұмыс істейді. Жедел штабқа 906606 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Сонымен қатар 109 сенім телефоны жұмыс істеуде.