Ақтөбе облысының жаңалықтары

Облыста 35 мектеп директорының орыны бос тұр

2020-03-16 61

Өңірдегі кейбір білім ордаларында әлі басшы жоқ, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қазіргі таңда білім басқармасы мен білім бөлімдері бұл бағытта кадрлар  резервтерін жасақтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әзірше 21 директордың орнына үміткерлер конкурс кезеңдерінен өтіп жатыр.

«Аталмыш мәселе ұзақ уақыттан бері көтеріліп келе жатыр. Әйтеке би ауданының Талды, Жарөткел негізгі мектептерінде ек-үш жылдан бері директор жоқ. Бұл білімнің саласына, әрі сапасына әсер ететін негізгі фактор. Одан бөлек білім ордаларында 120 кадрлық маманның орыны бос тұр», - дейді  Ақтөбе облысының білім саласындағы сапаны қамтамсыз ету департаментінің басшысы Бұлбұл Күзембаева.