Ақтөбе облысының жаңалықтары

Қажет болса, төтенше жағдай режимі ұзартылады – Президент

2020-03-16 47

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы төтенше жағдай режимінің мерзімі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Төтенше жағдай 2020 жылдың 16 наурызында таңертеңгі 8-ден басталады және 30 күнге созылады. Қажет болған жағдайда режим ұзартылуы мүмкін. Арнайы Жарлықта қажетті алдын-алу және алдын-алу шаралары қарастырылған», - деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, қоғамдық тәртіпті қорғау күшейтіліп, бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынды.

«Көптеген қазақстандықтар алдағы мерекелерге жоспар құрды, кей адамдар концерттерге, кей адамдар спорт жарыстарына қатысқысы келді. Өкінішке қарай, барлығымыздың денсаулығымыз үшін шектеу жасауға тура келеді», - деді Президент.

Бұған дейін Президент отандық кәсіпкерлерді қолдауға және жаңа жұмыс орындарын құруға ең кемі 300 млрд теңге бөлінетінін хабарлаған еді.

Ішкі нарықты толтырып, өндірісті ынталандыру үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру артады.

Сондай-ақ, Президент коронавирус пандемиясына қатысты төтенше жағдай бойынша Жарлық қабылдады.