Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ақтөбелік үш азамат карантинде жатыр

2020-03-13 82

 

Италия елінен келген аталмыш азаматтар уақытша оқшаулауда, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақпан айынан бастап вирустың таралуы бойынша бірінші категорияға жататын елдерден келген азаматтар толық карантинге жатқызылған. Қытайдан келген төрт ақтөбелік карантин уақыты біткеннен кейін өз жұмыстарына кіріскен. Ал Италия елінен келген үш азамат қазір оқшаулау режимінде.

Қазіргі таңда алдын-алу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Арнайы жасақталған базалар дәрі-дәрмек, қорғаныш киімдерімен қамтамасыз етілген.

«Күнделікті жағдай бойынша бақылау жасап отырмыз. Егер белгілер табылып жатса науқастарды оқшаулайтын инфекциялық ауруханада 25 керуеттік медицицналық изолятр дайындалды. Одан бөлек онкологиялық стационарда  105 адамдық орын жасақталды. Ауруға ұқсас белгілер бар науқастар немесе науқаспен байланыста болған адамдарды шектеуге арналған қосымша 500 керуеттік карантин жүргізетін жер де дайын. Жедел жәрдем бекетінде екі бригада біліктілік сабақтарынан өтті. Бұның барлығы алдын-алу шаралары. Қазір өңірде жағдай тұрақты», - дейді Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.