Ақтөбе облысының жаңалықтары

Аманғали Бердалин: Азық-түлік бойынша алаңдайтын негіз жоқ

2020-03-13 72

Ақтөбедегі ірі сауда желілері және коммуналдық базарлар, азық-түлік дүкендері жабылмайды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желі арқылы ірі сауда желілері уақытша жұмысын тоқтатады несеме тұрғындардың азық-түлік алып асығып кезекке тұрып жатқан видеолары кешеден бастап тарап жатыр. Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары бұның барлығы жалған ақпарат екенін растады. Әдейі халықтың үрейін туғызғандар заң негізінде әкімшілік жауаупкершілікке тартылатынын да ескертті.

«Кешеден бері әлеуметтік желіде 2015 жылы «Анвар» гипермаркетінің ашылу салтанатындағы халықтың көптеп кезекке тұрғандағы видеосы тарап кеткен. Жалған ақпаратты таратқан жағдайда әкімшілік жауапкершілік бар екенін айтқым келеді. Облыс әкімінің тапсырмасымен кеше түңгі 23.30-ға дейін ірі гипермаркеттерді аралап шықтық. Барлығын да жағдай бірқалыпты. Тұрақты қорымызда да азық-түлік жеткілікті. Ертеңнен бастап қала және аудан орталықтарында ауылшаруашылық жәрмеңкелерін де өткізейін деп жатырмыз. Сондықтан, азық-түлік бойынша алаңдайтындай негіз жоқ», - дейді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Аманғали Бердалин.