Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ақтөбеде шағын 22 су қоймасы салынады

2020-03-11 65
Көрнекі фото

Қысқа мезгілдегі жауын-шашын мен еріген көктемгі су тасқыны кезінде су ресурстарын ұстап қалу үшін қосымша шағын су қоймаларын салу жоспарланып жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Суармалы жерлерді ұлғайту мақсатында кезеңімен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биыл қосымша 10,6 га қосылады деп күтілуде. Егіс алқабы мен шабындықтарды су ресурстарымен қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға 22 шағын су қоймасы салынады. Құрылыс жұмыстары сәтімен аяқталса 27 мың га жер айналымға енеді.

«Бұл су қоймаларының қай жерге қажет екендігін анықтап жатырмыз. Жалғыз егістікке тоқталмай, жем-шөп шаруашылығына қажетті жерлерді де анықтауымыз керек. Себебі, мал бордақылау алаңдары салынып, шетелден асыл тұқымды малдар алынып жатыр. Олардың барлығы жақсы жем-шөп базасы болмаса дамымайды. Қосымша салмағы да болмайды. Осы мәселелердің барлығын қарап мониторинг жүргізіп жатырмыз. Жақын күндері бұл шағын су қоймалары қай аудандарда орналасатыны белгілі болады», - дейді Ақтөбе облысы ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсенбай.