Ақтөбе облысының жаңалықтары

Абай көрмесі Ақтөбеге келді

2020-03-11 57

Ұлы ақынның пайдаланған заттары мен қолданған бұйымдарын ақтөбеліктер де тамашалай алады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Хәкім Абайдың асыл мұраларын сақтап ұрпаққа жеткізіп отырған Семей қаласындағы «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи кешенінің көшпелі көрмесі Ақтөбеге келді. Ақын әлемімен танысу үшін облыстық музейге көрме ашылғаннан бері 300-ге жуық қала тұрғыны келген.

«Келіп жатқан көрме өте ауқымды. Бүкіл өмірі, шығармашылығынан сыр шертетін қырыққа жуық экспонаттар әкелінді. Әсіресе Абайдың 1885 жылы Семейдегі өлкетану музейіне тапсырған құнды жәдігерлері   келушілердің қызығушылығын арттырып жатыр. Көрме сейсенбіден бастап жексенбіге дейін жұмыс жасайды. Жиырма жетінші наурыздан кейін экспонаттар Атырау қаласына әкетіледі», - дейді музей қызметкері Жанна Шайманова.