Ақтөбе облысының жаңалықтары

Жақында әлем чемпионатында топ жарған Гүлім жаңа рекорд орнатты

2020-03-10 72

 

Алдыңғы айда Англия мемлекетінде өткен әлем кубогінде алтын алған ақтөбелік қыз Қазақстан чемпионатында жаңа рекордтық нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбелік спортшы Гүлім Құрманбаева ақпан айында өткен әлемдік жарыста пара пауэрлифтингтен бірінші орын алып ел мерейін асырған болатын. Шет елге алғаш шығып тұрған ол Токиода өтетін параолимпиадаға жол ашылғанын айтады. Қайсар қыз енді Дубайда өтетін тағы бір ауқымды жарыста жолдаманы толықтай жеңіп алатынына сенімді. Гүлім кеше өткен Қазақстан чемпионатында да алтын тағып жаңа рекорд орнатты.

«Ел чемпионатына әр өңірден қатысты. Қарсыластарым жақсы дайындықпен келген. Бұл жарыста  85 кг зілтемірді көтеріп рекорд жасадым. Мен үшін күтпеген жеңіс болды. Қазіргі таңда Қандыағаш қаласында жолдасым екеуміз пәтер жалдап тұрамыз. Бапкерім сол жақтан болғасын дайындықты үзбеуді ұйғардым. Жаттығуымды күнделікті күшейтіп, алдағы жарыстарға жаңа серпінмен дайындалып жатырмыз», - дейді спортшы Гүлім Құрманбаева.