Ақтөбе облысының жаңалықтары

Италияда коронавирустан 148 адам көз жұмды

2020-03-06 79

Италияда бүгінгі күні 3296 адам коронавирус жұқтырған. Бұл, сәрсенбі күнмен салыстырғанда 590 адамға көп, деп хабарлады ANSA агенттігі азаматтық қорғаныс ұлттық қызметінің басшысы Анджело Борреллиге сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, індеттен осы күнге дейін 148 адам көз жұмған. Бұл, бейсенбі күнгіден 41 адамға көп.

Борреллидің айтуынша, Ломбардияда инфекция жұқтырудың - 1777, Эмилия-Романьяда - 658, Венетода - 380, Пьемонтта - 106, Маркеде - 120, Кампанийде - 45, Тосканада - 21, Лациода - 41, Фриули-Венеция-Джулияда - 21, Сицилияда - 16, Апулияда - 12, Абруццода - 8, Трентинода - 7, Молизеде - 7, Умбрияда - 9, Больцано провинциясында - 1, Калабрияда - 2, Сардинияда - 2, Базиликатада – 1 және Валле-д'Аостада 2 жағдайы тіркелді.

Вирустан Ломбардияда 98 адам көз жұмса (кешегіден 25 адамға көп), Эмилия-Романьяда 30 (+8), Венетода 10 (+4), Маркеде 4, Лигурияда 3 (+2) және Апулияда 1 адам ажал құшқан.

Төртінші наурыз күні Италия үкіметі елдегі барлық мектеп мен университетті осы айдың ортасына дейін жабу туралы шешім қабылдаған болатын.

Еске сала кетейік, 21 ақпанда Италияда коронавирустан алғашқы адам қайтыс болды.