Ақтөбе облысының жаңалықтары

Өңірдегі тарихи 47 ескерткішке QR-код орнатылған

2020-02-24 105

Ескерткіштерге орнатылған QR-код арқылы үш тілде ақпарат алуға болады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Облыс аумағындағы он республикалық және отыз төрт жергілікті маңызы бар киелі нысандар мен киелі жерлерді насихаттау мақсатында ескерткіштерге виртуалды тур жасақталып, фотогалерия және 3D модельдері әзірленген. Енді ақтөбеліктер мен құтты мекенге келген қонақтар өңірдегі тарихи-мәдени ескерткіштер жайлы ақпаратты QR-код арқылы үш тілде біле алады. Аталмыш жүйе қосылған ескерткіштердің қатарына Әбілқайыр хан, Әлия Молдағұлова, Ахмет және Ғазиза Жұбановтар, Виктор Пацаев, Қобыланды батыр, Абат Байтақ және тағы басқаларын жатқызуға болады.

«Киелі жерлерді танымал ету мақсатында «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» арнайы жобасына енген ескеткіштердің 3D модельін әзірлеу, облыс аумағында 47 QR код орнату және үш тілдегі интерактивті карта әзірлеу үшін облыс бюджетінен сегіз миллион теңге бөлініп тиісті жұмыстар жүргізілді. Ендігі кезеңде 47 ескерткіш бойынша үш тілдегі ақпаратты QR код арқылы алуға мүмкіндік бар», - дейді Ақтөбе облысы мәдениет, архивтер және мұрағаттар басқармасының басшысы Нұрхан Кәдірбаев.