Ақтөбе облысының жаңалықтары

Юсуп Баймурзаев еркін күрестен Азия чемпионы атанды

2020-02-24 126

Ауыр салмақта ел намысын қорғаған ақтөбелік палуан Азия чемпионатында алтын алды, деп хабарлайды  Aktobenews.kz тілшісі.

Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрес шебері Юсуп Батырмурзаев125 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды.

"Ақтөбелік палуан финалда моңғолиялық Худербулга Доржхандты 10:0 есебімен жеңіп, алтыннан алқа тақты. Ол жартылай финалда ирандық Парвиз Хадибасманждан, ширек финалда үндістандық споршы Сатендерден басым түсті", -дейді Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.