Ақтөбе облысының жаңалықтары

Алматыда екі баланы зорлаған педофилге химиялық кастрация жасалады

2020-02-20 74

Алматы қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотында кәмелеттік жасқа толмаған балаларға зорлық көрсеткен ер адам сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, ол 16 және 13 жастағы балаларға зорлық көрсеткен.

Сот үкімімен айыпты 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, оған өмір бойы педагогикалық қызмет істеуге, кәмелеттік жасқа толмаған балалармен жұмыс істеуге тыйым салынды.

Оған химиялық кастрация жасау туралы қаулы шығарылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.