Ақтөбе облысының жаңалықтары

Айбек Көпенов: Көзбояушылық шаралардың өтуіне қарсымыз

2020-02-20 404

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айбек Көпенов кез-келген шараны «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізуге қарсы екенін жеткізді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жоспарлы түрде жүргізіліп келе жатыр. Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында мамандар алты бағыт бойынша жоғары оқу орындарымен, шығармашылық интелегенциямен, барлық салалық басқарлмалармен, қала және аудан әкімдерімен бірлесіп жұмыс жасауда. Алдағы уақытта биылғы мерейтойлар жылы аясында жоспарлы түрде 270-тен аса іс-шара жүзеге асады.  

«Биылғы жылы да аталмыш бағдарлама аясында тиімді, халыққа жетімді жобаларды өткізуді жоспарлап жатырмыз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қабылданғанына үш жыл. Қоғамда түрлі пікірлер бар екенін білеміз. Кез-келген ірілі-ұсақты шараларға «Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында деп жапсырып әкеліп жатырмыз. Көзбояшылық шаралардың өтуіне қарсымыз. Сондықтан, нақты қоғамға қажет, мақсатты аудиторияға жететін шараларды қолдап  енгізіп отырмыз», - дейді Ақтөбе облысытық ішкі саясат басқармасының басшысы Айбек Көпенов.