Ақтөбе облысының жаңалықтары

Былтыр «Туған жерге тағзым» акциясымен жергілікті меценаттар 620 жобаны жүзеге асырған

2020-02-20 70

Аталмыш акция аясында Ақтбеден шыққан жергілікті меценаттар түрлі жобаларға 1 млрд 554 млн 921 теңге бөлген, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Туған жерге тағзым» акциясының жүргізілуі өңірде тұрғындардың тарапынан үлкен қолдауға, қызығушылыққа ие болып отыр. Былтыр ірілі-ұсақты 620 жоба жүзеге асырылған. Қазіргі таңда барлығы аяқталып, халық игілігіне берілді.

«Ірі жобалардың қатарына Ақтөбе қаласында жер асты өткел жолының салынуы және Алға ауданы Бестамақ ауылында спорт кешенінің тұрғызылуы. Сонымен қатар, Бөкенбай батыр, Жалаңтөс баһадүр, Сәрке батырға салынған ескерткіштерді айта кетуге болады. Одан бөлек түрлі спорт алаңдары , воркаут алаңдары, балаларға арналған қысқы хоккей кордтары, саябақтар салынды», - дейді Ақтөбе облысытық ішкі саясат басқармасының басшысы Айбек Көпенов.