Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ақтөбеге қосымша 200 автобус керек

2020-02-19 85

 

Жолаушылар тасымалдайтын екі мекеменің әрқайсысында 100 автобус жетіспейді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Автопарк» ЖШС 33 бағыт, ал «Жолаушылар автокөлік кәсіпорны» ЖШС 21 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Келісімшартқа сәйкес, біріншісі қала жолдарына 253 автобус, ал екіншісі 124 автобус шығаруы керек. Алайда екеуі де талапқа сай келмейді.

«Әр қайсысына қосымша 100 автобус керек. Сол кезде қоғамдық көлік жетіспеушілігі болмайды. Қалаға қарайтын елдімекендерге де автобус уақытылы баратын еді», - деп түсіндірді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінде.