Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ақтөбеде сауда үйі өртенді

2020-02-17 93
Көрнекі фото

Төтенше жағдайдан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бүгін Маресеьев көшесінде орналасқан «Дом быта» сауда үйінде өрт оқиғасы болды. Өрт алаңы 3 ш.м. аумақты қамтып, тексеру барысында тұрмыстық бөлмеде үй заттары жанып кеткені анықталды.

«Таңертең  10 сағат 54 минутта Маресьев 99 мекенжайында орналасқан «Дом быта» сауда үйінен түтін шығып жатқандығы жөнінде ақпарат келіп түсті.  Өртке төрт мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамынан 34 адам, 6 автокөлік және өрт сөндіру-құтқару бекеттерінен 6 адам, 2 автокөлік жұмылдырылды. Жеткеннен кейін 12 минуттың ішінде жалын сөндірілді. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда», - дейді Ақтөбе облысының ТЖД баспасөз қызметі.