Ақтөбе облысының жаңалықтары

Мердігерлер жолды өз қаржысына жөндейді

2020-02-11 95

Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин жол жөндейтін мердігерлердің жұмысына көңілі толмайтынын айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қармен бірге асфальт та еріп жатыр. Бұл ақтөбеліктердің соңғы жылдары жиі көтеретін мәселесіне айналды. Әлеуметтік желіні үнемі бақылап отыратын шаһар басшысы Мавр Абдуллин мердігерлердің жұмысын сынға алды.

«Енді бұлай қайталанбауы тиіс. Жыл сайын бір шұрық-тесік жолды жамай береміз. Бұрын қай мердігер қай жерде жұмыс істегендерін анықтаңыздар, жөндеу жұмыстарын өз қаржысына жүргізсін. Талапты орындамаған мердігерді енді нарыққа енгізбеу керек», - деп қала әкімі М.Абдуллин өзінің орынбасары Жангелді Әубәкіровке тапсырма берді.