Ақтөбе облысының жаңалықтары

Экологтар Каспий суының қызыл түске боялу себебін атады

2020-02-10 64

Экология департаменті Приморье ауылы маңындағы Каспий суының қызыл түске боялу себебін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық экология департаментінің хабарлауынша, судың қызыл түске айналуы диатомды балдырларға байланысты. Одан адамдарға және табиғатқа ешқандай қауіп жоқ.

«Аталған балдырдардың түсі ашық қызылдан бастап қою-қызыл түске дейін өзгереді. Қазір 3800-ге тарта түрі белгілі. Оның ішінде Каспийде 25 түрі таралған. Бізде лауренция, полисифония, мелобезия деген түрлері бар. Теңіздегі тіршілікке зияны жоқ, балықтарға қауіп төндірмейді»»,-дейді МО Экология департаменті мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің маманы Ержан Жұмашев.




 

Еске сала кетейік, 2018 жылы да Каспий жағалауындағы су қызыл түске боялған еді.