Ақтөбе облысының жаңалықтары

Биыл Ақтөбеде коммуналдық қызметтердің тарифтері көтерілмейді

2020-02-07 166

Бұл туралы табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департментінің басшысы Нұрлан Болатбаев баяндады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қаңтар айынан бастап сумен жабдықтау қызметі 10 пайызға, жылумен жабдықтау 6 пайызға, су бұру кәріз жүйесі 9 пайызға қымбаттайды деп күтілген. Мамандар жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде баға бұрынғы орынында қалатынын айтты.

«Биыл коммуналдық қызметтердің тарифтері өседі деп жоспарланған болатын. Алайда департаментпен және прокуратурамен, жергілікті атқарушы органдармен тарифтерді ұстап тұру бойынша бірлесе жұмыстар жүргізілді. Қорытындысында өсім болмай, былтырғы жылғы төлеммен қалатын болды. Тек қана электр энергиясында бағаның өсуі болады. Бұл энергетика министрлігімен бекітілген тарифтің негізінде болып отыр. Тұрғындар үшін 47 тиынғ өсу байқалады. Бірінші деңгей бойынша 30 тиынға, екінші және үшінші деңгей бойынша 56 және 69 тиынға қымбаттайды. Ал қалған бағалар жыл соңына дейін өзгермей сақталады», - дейді Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департментінің басшысы Нұрлан Болатбаев.