Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ақтөбеде коронавируске қарсы штаб жұмысын жүргізіп жатыр

2020-02-05 225

Қазіргі таңда Ақтөбе облысы бойынша эпидемиялық жағдай тұрақты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Өңірде короновирустың таралуына жол бермеу және оның алдын алу үшін арнайы штаб құрылған болатын. Облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжановтың басшылығымен жұмыс жасап жатырған мамандар бұл мәселе бойынша күнделікті бақылау жүргізіп отыр.

«Облыстағы  Қытай Халық Республикасының азаматтары мен сол жақтан келген адамдарды есепке алдық. Қаңтар айынан бастап 571 тұрғын тізімде тұр. Алты адамның қызу көтерілу жағдайлары болды. Анализдерін алып қараған кезде короновирустың белгілері болған жоқ. Бүкіл құзырлы органның мамандарымен толыққан штаб күнделікті жағдайды қатаң бақылауға алып отырмыз. Дәрі-дәрмектің қорын құрып, медициналық қызметкерлерді және тұрғындарды қорғаныш киімдері, маска сынды заттармен қамтамасыз етіп жатырмыз», - дейді Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.