Ақтөбе облысының жаңалықтары

Сегіз қазақстандық Ухань қаласынан Ресей мен Өзбекстанға эвакуацияланды

2020-02-05 64

Сегіз Қазақстан азаматы коронавирус инфекциясы шыққан Қытайдың Ухань қаласынан Ресей мен Өзбекстанға эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстандық тараптың өтініші бойынша бүгін түнде Қытайдың Ухань қаласынан Ресей мен Өзбекстанның арнайы борттарымен біздің тағы 8 азаматымыз қауіпсіз жерге жеткізілді.

Біздің бес азаматымыз Ташкент қаласында екі апталық дәрігерлердің бақылауында, ал қалған үшеуі Түмен қаласында қадағалауда болады», делінген хабарламада.

СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, эвакуацияланғандар арасында осыған дейін ҚХР-ның эпидемиологиялық қызметтерімен дене қызуы салдарынан шығарылмаған Яньцзы Университетінің 1 курс студенті бар.

«Отырғызу алдында ҚР азаматтары қосымша медициналық тексеруден өтіп, олардың арасында дене қызуы немесе коронавирус симптомдары бар адамдар анықталған жоқ», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 3 ақпан күні Қазақстан Ухань қаласынан өзінің 83 азаматын, соның ішінде 80 студентті эвауациялаған болатын.